Токио - әлемдегі ең ірі мегаполис

Фотография - Токио - әлемдегі ең ірі мегаполис

Жапония астанасы әлемдегі ең ірі мегаполис. Мұндай мәліметті тұрғындар проблемасымен айналысатын американдық Population Reference Bureau зерттеу агенттігі жариялап отыр

642 0

Жапония астанасы әлемдегі ең ірі мегаполис. Мұндай мәліметті тұрғындар проблемасымен айналысатын американдық Population Reference Bureau зерттеу агенттігі жариялап отыр.

Аталған ұйымның деректеріне сәйкес, Токиода ел халқының 29 пайызы, яғни 37,2 млн. адам тұрады. Рейтингтің екінші орнында Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласы. Бұл қала тұрғындарының саны - 22,7 млн. адам. Ал үшінші орынға тұрақтаған Мексика астанасы Мехикода 20,5 млн. адам өмір сүреді екен. Халқының саны бойынша ірі қалалар ондығына Нью-Йорк, Шанхай, Сан-Паулу, Мумбай, Бейжің, Дакка және Калькутта кіріп отыр.

Осы ұйымның деректеріне қарағанда, жер шарында 7,1 млрд. адам өмір сүруде. Азияда 4,8 млрд., Африкада - 1,1 млрд., Европада 760 млн. адам тұрады. Солтүстік Америкада 352 млн., ал Оңтүстік Америкада 606 млн. адам тіршілік етеді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Population Reference Bureau мәліметінше, 2050 жылға қарай жер тұрғындары 9,7 млрд. адамға жетсе, ал оның 2,4 млрд.-ы Африкада тұратын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!