Италия Costa Concordia кемесін қайраңнан алып шықпақ

Фотография - Италия Costa Concordia кемесін қайраңнан алып шықпақ

Италия билігі елдің батыс жағалауында қайраңға батқан Costa Concordia («Коста Конкордиа») саяхат кемесін судан көтеріп, басқа жерге әкету жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді. Италия азаматтық қорғаным агенттігі осы операция белгіленген 16 қыркүйекте ауа райы қолайлы болады деген болжам жасап отыр

363 0

Италия билігі елдің батыс жағалауында қайраңға батқан Costa Concordia («Коста Конкордиа») саяхат кемесін судан көтеріп, басқа жерге әкету жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді. Италия азаматтық қорғаным агенттігі осы операция белгіленген 16 қыркүйекте ауа райы қолайлы болады деген болжам жасап отыр.

Инженерлер бұған дейін жағалауға өте жақын қайраңнан мұншама үлкен кемені суда көтеріп көрмегендерін айтады. Бұл жұмыстарға жетекшілік жасайтын Ник Слоаненің айтуынша, өткен қыс бойы су астында қалып, арқау негізі шіри бастаған кеме үшін бұл соңғы мүмкіндік болмақ. Кемені судан көтеріп, басқа жерге әкету жұмысы 600 миллион еуроға түскелі отыр.

Былтыр қаңтарда Италия жағалауында қайраңға отырған Costa Concordia саяхат кемесі суға батып, апат салдарынан 32 қаза болған еді, олардың екеуінің денесі әлі табылған жоқ. Кемеде 4 мыңнан астам жолаушы болған - деп хабарлады azattyq.org

Бұл іс бойынша «абайсызда адам өлтірген» деп танылған бес адам сотталды. Қазір кеме капитаны Франческо Скеттиноның соты өтіп жатыр. Оған «апатқа ұшыраған кемені тастап қашып, абайсызда кісі өлтірген» деген айып тағылған.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!