Ирактағы жарылыстардан 46 адам мерт болды

Фотография - Ирактағы жарылыстардан 46 адам мерт болды

Ирактың билік орындарының хабарлауынша, жексенбі күні елдегі бірнеше қалада болған жарылыстар салдарынан кемінде 46 адам өліп, 130-дан аса адам жараланған

177 0

Ирактың билік орындарының хабарлауынша, жексенбі күні елдегі бірнеше қалада болған жарылыстар салдарынан кемінде 46 адам өліп, 130-дан аса адам жараланған.

Негізінен шииттер тұратын аудандарда жасалған жарылыстардың көпшілігінде автокөлікке орнатылған бомбалар іске қосылған. Хилл қаласында осындай екі жарылыстан 19 адам мерт болған. 

Бағдадта жоғары лауазымды шенеунік мінген көліктің жолында жасалған жарылыстан үш адам қаза тапқан. Шенеуніктің өзі аман қалған. Кербела қаласындағы жарылыс төрт адамның өмірін қиған, 25 адам жараланған.

Кут қаласында азық-түлік сататын жерде адамдар жиналған кезде сол маңда тұрған көлікте жарылыс болған. Басра мен Насирияда сегіз адам өлгенn - деп хабарлады azattyq.org

Соңғы кезде Иракта діни алауыздықтан туындаған қақтығыстар жиілеп кетті. БҰҰ-ның деректері бойынша, тамыз айында елде 800 адам құрбан болған.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!