Обама Роуханимен хат алмасқанын айтты

Фотография - Обама Роуханимен хат алмасқанын айтты

АҚШ президенті США Барак Обама Иранның жаңа президенті Хасан Роуханимен хат алмасқан

118 0

АҚШ президенті США Барак Обама Иранның жаңа президенті Хасан Роуханимен хат алмасқан. Бұл туралы америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында Обаманың өзі айтты.

Ақ үй жетекшісі Иран президентіне жазған хаттың мазмұнын ашқан жоқ, бірақ сөзінде Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды Сирияның химиялық қаруынан гөрі күрделі проблема деп қарайтынын айтқан.

Сонымен бірге Обама Иран басшылығына "АҚШ-тың қажет болған кезде Иранға әскери соққы бере алатынына еш шүбә келтірмеуі керектігін" ескертіп, бұл жағдай да "Сирияға қарсы операцияның кебін киер деп ойлау дұрыс болмайтынын" атап ескерткен.

Алдағы аптада Барак Обама мен Хасан Роухани бір күнде БҰҰ-ның бас ассамблеясында сөз сөйлемекші.

Бұған дейін Обама "Сирияның химиялық қаруы туралы АҚШ-Ресей келісімін құптайтынын" мәлімдеген. Бірақ ол "егер дипломатиялық келіссөздерден нәтиже шықпаса, АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери операциясын бастайтынын" ескертті.

Өткен аптада үш күнге созылған Женева келіссөздері барысында, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға өткізу жоспарын жасаған еді. Ол бойынша 2014 жылдың ортасына қарай Сириядағы химиялық қару жойылуы немесе елден сыртқа шығарылуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!