Қырғызстанда "террорист" деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған

Фотография - Қырғызстанда "террорист" деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған

Қырғызстанда Сириядан өткен террористер тобы ұсталған, оның арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан.

217 0

Қырғызстанда Сириядан өткен террористер тобы ұсталған, оның арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан.

Арнайы қызметтің мәліметінде «Ислам жихады одағы» деп аталатын күдікті топтың тамыз айының соңында, Шанхай ынтмақтастығы ұйымының Бішкектегі саммиті қарсаңында, Ош облысында қолға түскені айтылған.

"Сириядан Қырғызстанға террористік-диверсиялық акцияларды іске асыру мақсатымен жіберілген топтың құрамында Қазақстан Республикасының бір азаматы мен Ош облысында туып-өскен Қырғыз Республикасының екі азаматы болған, олар Сирияда террорлық құрама қатарында үкімет күшіне қарсы әскери іс-әрекеттерге қатысқан" делінген Қырғызстан арнайы қызметінің ақпаратында.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл топ мүшелерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу барысында, оларды террорлық ұйымдардың басшылары мен иедологтары Бішкек және Ош қалаларында шу туғызатын террорлық акциялар жасау мақсатымен Сириядан Қырғызстанға арнайы жібергені анықталды деп хабарлаған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!