АҚШ-та қаралы күн жарияланып, мемлекеттік тулар түсірілді

Фотография - АҚШ-та қаралы күн жарияланып, мемлекеттік тулар түсірілді

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтондағы Әскери-теңіз мекемесінде 12 адам қаза тапқандықтан қаралы күн жариялады, мемлекеттік ту төмен түсірілуде.

208 0

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтондағы Әскери-теңіз мекемесінде 12 адам қаза тапқандықтан қаралы күн жариялады, мемлекеттік ту төмен түсірілуде. Бұл туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде көрсетілген, деп хабарлайды ресейлік РОСБАЛТ агенттігі.

Американың әскери теңіз күштерінің ғимаратында 12 адам қаза тапқан. Жұртқа қару кезеніп, оқ атқан қылмыскерді полиция атып өлтірген. Ол 34 жастағы IT маманы Аарон Алексис болып шықты. «Оның бұндай қадамға баруының себебі әлі белгісіз», - деп хабарлады Вашингтон мэрі Винсент Грей.

Полиция осы қанды оқиғаға қатысы бар тағы бір адам бостандықта жүруі мүмкін, деп жорамалдап отыр. «Қазіргі уақытта тағы да бір адам оқ атты дегенді дәлелдейтін айғақ жоқ», — дейді Грей.

Америка тулары жұма, 20 қыркүйекке дейін түсіріледі, оның ішінде Ақ үй, Конгресс, елшіліктер. АҚШ-тың басқа елдердегі ресми өкілдіктерінің тулары, сондай-ақ әскерилер де жалауларын төмен түсіреді.

Барак Обама АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің министрі Рэй Майбусқа қоңырау шалып қаза тапқан әріптестеріне көңіл айтты. Обама флоттың жергілікті құқық қорғау органдарымен және жергілікті билікпен бірлесе отырып қанды оқиға салдарымен күресуде жасаған еңбектерін жоғары баға берді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!