Тәжік елшісінің ұлы есірткімен ұсталды

Фотография - Тәжік елшісінің ұлы есірткімен ұсталды

 Бұл жайында "Азаттық" радиосының тілшілері хабарлады. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, елшінің ұлы ұстаған сөмкеден есірткі табылған көрінеді.

137 0

Кеше таңертең Душанбе әуежайында Тәжікстанның Белоруссиядағы елшісінің ұлы Коимдод Коимдодов пен оның әйелі ұсталды. Бұл жайында "Азаттық" радиосының тілшілері хабарлады. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, елшінің ұлы ұстаған сөмкеден есірткі табылған көрінеді.

Дереккөз хабарлағандай, жүк сөмкесін сканнерден өткізу кезінде оның ішінде жасырын қалтаның бар екендігі анықталған. Оны тексерген кеденшілер ішінен 2,5 келі героин тауып алды.

Тәжікстанның құқық қорғау органдары орын алған жайт бойынша ресми ақпарат әлі таратқан жоқ. Тіпті, ұсталған азаматтардың да жауаптары еш жерге жарияланбаған.

Айта кетейік, ерлі-зайыптылар Душанбеден Минск қаласына Мәскеу арқылы ұшпақ болған екен. Коимдод Коимдодовтің өзі болса Минскте тұрады және қазіргі таңда Белорусь Экономикалық сотында референдум қызметін атқаруда. Оның әкесі Козидавлат Коимдодов 2000-шы жылдардың ортасынан бері елшілік қызметте. 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Тәжікстанның Белоруссиядағы елшісі.


Тегтер:

белоруссия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!