Ресейліктердің 6 пайызы нашақор

Фотография - Ресейліктердің 6 пайызы нашақор

Бұл жайында РФ министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

155 0

Есірткі мен психотропты заттар пайдаланатын ресейліктердің саны шамамен 8,5 миллион адамға жетіп, халықтың 6 пайызын құрады. Бұл жайында РФ министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Қазір ел билігі нашақорларды емдейтін мемлекеттік емес орталықтарды мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін қарастырып жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, қазір Ресейде есірткі қылмысымен сотталған 110 мың адамның тек 25 мыңы ғана айықтыру курстарынан өтеді екен. Ал, олардың тек 5 пайызына ғана ем қонады дейді мамандар.

Осылайша көрші республика бүгінгі күннің ең өзекті мәселесін күн тәртібіне шығарып отыр. Енді орыс билігі нашақорларды емдеу мақсатында жекеменшік айықтыру орталықтарына қолдау көрсететін болады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!