Мұсылман бауырларына қолдау ретінде марафон ұйымдастырды

Фотография - Мұсылман бауырларына қолдау ретінде марафон ұйымдастырды

Сириядағы және Мысырдағы жаппай қантөгіске қарсылық ретінде түріктер «Бауырларды қолдау» атты марафонға шықты.

136 0

Сириядағы және Мысырдағы жаппай қантөгіске қарсылық ретінде түріктер «Бауырларды қолдау» атты марафонға шықты.

Ел астанасындағы кітап дүкенінің директоры, елуді еңсерген Ибрагим Шолақ еңку-еңку жер шалып, Анкарадан Ыстамбұлдағы Фатих мешітіне дейінгі аралықты 15 күннің ішінде еңсеріп, ерлікке пара-пар іс тындырды. Ол күніне орта есеппен 30 шақырымды артқа тастаған екен.

Түріктер жеріндегі көне шаһарда оның батыл бастамасына қолдау білдірген бір шоғыр жастар Шолақты құшақ жая қарсы алды.

Жарты айдың ішінде айшылық алыс жолды басып өткен ол мұсылмандардың бақталастыққа емес, бауырластыққа ұмтылуы керектігін алға тартты.

«Мен өзіне қорған болуы тиіс әскердің қолынан қаза тауып жатқан бауырларым үшін осындай әрекетке бардым. Қиындықтан көз ашпаған оларға өз атымнан тікелей үлес қосқым келді. Жолай талай жақсы адамдарды жолықтырдым. Осының өзі маған көп көмектесіп, күш-жігер берді»,– деді ол ағынан ақтарылып.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!