Facebook есірткіні жарнамалағаны үшін жабылуы мүмкін

Фотография - Facebook есірткіні жарнамалағаны үшін жабылуы мүмкін

Федералдық антимонополия қызметінің мамандары есірткі заттарын жарнамалағаны үшін facebook-ті жабатынын айтып қорқытты. Осылайша, шылым қоспаларының заңсыз айналымына тосқауыл қоймақ

183 0

Федералдық антимонополия қызметінің мамандары есірткі заттарын жарнамалағаны үшін facebook-ті жабатынын айтып қорқытты. Осылайша, шылым қоспаларының заңсыз айналымына тосқауыл қоймақ.

Жақында ФАҚ қызметкерлеріне ғаламторда, атап айтар болсақ, facebook әлеуметтік желісінде тыйым салынған шылым қоспасы жарнамаланғаны белгілі болды. Мұндай затты жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егер де мұндай жарнама қайта шықса, бұл іспен Ресейдің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша федералдық қызметі жеке айналысады. Facebook тағы да заң бұзар болса, Ресей аумағында пайдалануға тыйым салынған сайттардың қара тізіміне ілінеді.

Әлеуметтік желілер тарихында заңды бұзатын жарнамалар бұған дейін де бірнеше рет шықты. Енді тек осы жарнама бойынша хабарласатындарды, есірткі пайдаланушыларды анықтау қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!