Халал өнімге еуростандарт қойыламақ

Фотография - Халал өнімге  еуростандарт қойыламақ

Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (Comite Europeen de Normalisation, CEN) кәрі құрлық елдерінде түрлі халал өнімдерін сертификаттауға қатысты бірыңғай стандарт енгізудің жолдарын қарастыратын қаулының жобасын қолға алды.

128 0

Бұл қадам халал өнімдер саудасын оңтайландыруға әрі қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Комитет мәліметі бойынша, Еуропа елдеріндегі халал өнімдер нарығы 70 млрд. еуроны құрайды.

Сонымен қатар, аталмыш комитет малды шариғатқа сай союдың бірыңғай талаптарын енгізуге әрі халал өнімдерге пайдаланылатын қоспалардың шегін белгілеуге белсене кіріспек.

Ауқымды жұмыстың жүзеге асырылу жоспары екі жыл уақытқа есептелінген. 

Осы мәселе бойынша Еуропадағы 28 елдің өкілдері қыркүйектің 23-і күні бас қосады.

Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!