Мәскеуде Құран оқудан халықаралық бәйге өтті

Фотография - Мәскеуде Құран оқудан халықаралық бәйге өтті

Бұрын хабарлағанымыздай, Түркияда сириялық босқындарға көмек көрсетудің, рухани қолдау білдірудің тың тәсілі іске асқан болатын

174 0

Бұрын хабарлағанымыздай, Түркияда сириялық босқындарға көмек көрсетудің, рухани қолдау білдірудің тың тәсілі іске асқан болатын. Түріктер туған жерінен жырақта жүрген қамкөңіл сириялық босқындар арасында да Құранды мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырған еді. Осылайша, сириялық босқындардың қаяу шалған көңілін қайырлы істермен аулаған түріктердің бұл бастамасы орыс жерінде өзге қырынан көрінді. Нақтырақ айтқанда,  Мәскеуде ХIV-ші халықаралық  Құран оқу байқауы өтті. Айтулы шараға Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрілігі мен Ресей Мүфтилер кеңесі мұрындық болды.

Екі күнге созылған аталмыш шараға әлемнің 30-дан аса елінен хафиздер қатысып, бақтарын сынады. Әділқазылар алқасына Ресейден өзге Түркия, Судан, Ливан, Ираннан келген қасиетті Құран оқудың әлемге әйгілі білгірлері кірді. Алғашқы сайыс қорытындысы бойынша, ақтық сынға 6 адам ілігіп, іріктеліп алынды: әл-Хумуи Ясин (Сирия), Мұхаммед Сәлиман Мұхаммед әл-Мәләуани (Мысыр), Мұхаммед Фуад Мұхаммед  Әлмұқпа Әлқауари (Бахрейн), Омар бен Арбиа (Тунис), Отан әл-Шағапан (Кувейт), Ермали Халифа Салах (Ливия).

«Байқауға қатысқандардың барлығы ұлты мен діні әр алуан көрермендерге Жаратқаннның қасиетті сөзін жеткізуге күш салды»,- деген пікірлер айтылды осы шараға орай өткен баспасөз қызметінде.

Осынау дүбірлі додада азаматтық соғыстан көз ашпаған Сириядан келген әл-Хумуи Ясин есімді жігіт жеңімпаз атанып, жанкүйерлерін бір желпінтіп тастады. Ал, екінші орынға мысырлық Мұхаммед Сәлиман Мұхаммед әл-Мәләуани табан тіреді. Одан кейінгі орынды Ливиядан келген мейман иеленді.

Жеңімпаздар асыл тастармен көмкеріліп, көздің жауын алған дипломдармен марапатталды.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!