БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясы жұмысын бастайды

Фотография - БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясы жұмысын бастайды

Бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Бас Ассамблея өзінің 68-ші сессиясының жұмысын бастайды. Ресми ашылуы жергілікті уақытпен 15:00 (Астана уақатымен 18-не қараған түнде сағат 01:00-де)

231 0

Бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Бас Ассамблея өзінің 68-ші сессиясының жұмысын бастайды. Ресми ашылуы жергілікті уақытпен 15:00 (Астана уақатымен 18-не қараған түнде сағат 01:00-де).

Жылдық циклдің жұмысын БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун және 68-ші сессияның сайланған төрағасы Джон Уильям Эш ашады.

Сессия барысында жалпысаяси дискуссия өтеді. Мемлекет басшылары,үкімет және сыртқы саяси ведостволар өкілдері қатысатын бұл дискуссияны 24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өткізу жоспарланған.

Басты назарда Иранның президенті Хасан Роухани болмақ. Себебі, Роухани БҰҰ-ның штаб-пәтерінде алғаш рет мінбеде сөз алады.

Сондай - ақ, Сирия СІМ басшысының орынбасары Фейсал Микдада баяндама жасайды. Оның баяндамасында Сирия мәслелесі талқыланады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!