Еуроодақтағы жұмыссыздық шарықтау шегіне жетті

Фотография - Еуроодақтағы жұмыссыздық шарықтау шегіне жетті

Еуропалық комиссия жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрақты жұмыс орны мен жалақысы жоқ Еуроодақ тұрғындарының саны шегіне жетті

331 0

Еуропалық комиссия жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрақты жұмыс орны мен жалақысы жоқ Еуроодақ тұрғындарының саны шегіне жетті,  деп хабарлайды svodka.net.

Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозудың хабарлауынша, Еуропа да «еңбек биржасында тұрған адамдар» саны 26 млн-ға жеткен, алайда бұл нақты жағдайдың көрсеткіші емес.

«Банктердің тығырыққа тірелуі мен қарыздардың көбеюінің салдарынан тарихта ең ұзаққа созылған, әрі еуроодақтың валютасының күйреуіне әкеліп соға жаздаған дағдарыстың беті қайтып, Еуроаймақ қайта даму кезеңіне аяқ басты. Алайда біз Еуропада әлі де болса жұмыссыздар санының күн санап өсуін жоққа шығара алмаймыз, ал бұл өз кезегінде Еуропалық отбасының экономикалық құндылықтарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін», - деді Баррозу.

Жұмыссыздықтар саны бойынша Германия, Франция және Испания елдері көш бастап тұр. Бұл елдерде халықтың үштен бір бөлігі еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін жәрдемақы есебінен өмір сүруде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!