Сирия мәселесі БҰҰ-да қаралады

Фотография - Сирия мәселесі БҰҰ-да қаралады

Келесі аптада Нью-Йоркте 131 мемлекеттің басшылары,сыртқы істер министрлері мен дипломаттар бас қосып, Сирия мәселесін қарайды. Бұл туралы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясында белгілі болды

306 0

Келесі аптада Нью-Йоркте 131 мемлекеттің басшылары,сыртқы істер министрлері мен дипломаттар бас қосып, Сирия мәселесін қарайды. Бұл туралы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясында белгілі болды.

Отырыста Сирияның жағдайы басты назарда болмақ. Сарапшылардың пікірінше, Сирия мәселесі әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр.

Мәселенің маңыздылығына БҰҰ хатшысы ерекше тоқталып өтті. «Сириядағы қантөгісті дереу тоқтату керек. Келесі аптада барлық басшылар жиналғанда мен дереу іс-шараларға көшуді талап етемін» - деді БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун - деп хабарлады baq.kz

Естеріңізге сала кетейік, 68-ші сессияның күн тәртібінде 170-ге жуық тақырыптар бекітілген белгілі болды. Оның ішінде, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарулы қақтығыстардын алдын алу мәселелері бар.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!