АҚШ теңіз әскері нысандарын тексермек

Фотография - АҚШ теңіз әскері нысандарын тексермек

АҚШ теңіз әскерінің басшылығы қарамағындағы барлық нысандарды тексеретінін мәлімдеді. Оған 34 жасар Арон Алексистің Вашингтондағы теңіз әскері базасында 12 адамды атып тастауы себеп болып отыр

232 0


АҚШ теңіз әскерінің басшылығы қарамағындағы барлық нысандарды тексеретінін мәлімдеді. Оған 34 жасар Арон Алексистің Вашингтондағы теңіз әскері базасында 12 адамды атып тастауы себеп болып отыр.

Алексистің психикалық сырқат екені, бұған дейін де қатігез әрекеттер жасағаны белгілі болған. Бірақ сырқат адамның теңіз әскері базасына қалай жұмысқа алынғаны белгісіз. 

ФБР мәліметі бойынша, Алексис - теңіз әскері базасымен келісім-шартқа отырған компанияның ақпараттық технологиялар маманы. Ол ерекше күзетке алынған әскери базаға рұқсат құжатымен кірген. АҚШ билігінің хабарлауынша, ол бұрын психикалық ауруын емдеткен. Оған дауыстар естілетін болған - деп хабарлады azattyq.org

Ол бұған дейін де қару ұстау бойынша заң алдында жауапкершілікке тартылған. Алексис дүйсенбі күні полициямен атысып, қаза тапты. Оның неге мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!