БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия бойынша мәмілеге келе алмады

Фотография - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия бойынша мәмілеге келе алмады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бес елдің елшілері Сирия бойынша мәмілеге келе алмады. БҰҰ Қаіпсіздік кеңесінде 18 қыркүйекте Сирияға қатысты қарар қабылдануы керек еді

264 0

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бес елдің елшілері Сирия бойынша мәмілеге келе алмады. БҰҰ Қаіпсіздік кеңесінде 18 қыркүйекте Сирияға қатысты қарар қабылдануы керек еді. Ол құжатта АҚШ пен Ресейдің Сириядағы химиялық қаруды бір жыл ішінде жою туралы жоспары бекітілуі тиіс болған. 

Дипломаттардың айтуынша, Франция, Ұлыбритания және АҚШ егер Дамаск мойнына алған міндеттерін орындамаса, оған қарсы міндетті түрде шара қолданылуы тиіс десе, Ресей кез-келген күш қолдану әрекетіне қарсы шыққан. 

Бұл келіспеушілік сейсенбіде Мәскеуде өткен Франция мен Ресей сыртқы істер министрлері кездеуінде де көрінген еді. Лоран Фабиус өткен айда жасалған "химиялық шабуыл үшін Сирия үкіметі жауап беруі керек" деп мәлімдесе, Сергей Лавров "бұл шабуылдар Сирия билігін арандату үшін жасалған" деп санайтынын айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!