Әлемдегі ең үлкен әуежай Дубайда жұмыс істей бастайды

Фотография - Әлемдегі ең үлкен әуежай Дубайда жұмыс істей бастайды

Дубайдың Джебель Әли ауданындағы жаңа әуежай келесі айдан бастап БАӘ азаматтық авиация комитетінің ресми рұқсатын алғаннан кейін жұмысын бастайды

188 0

Дубайдың Джебель Әли ауданындағы жаңа әуежай келесі айдан бастап БАӘ азаматтық авиация комитетінің ресми рұқсатын алғаннан кейін жұмысын бастайды.

Салынып жатқан көлік терминалы «Dubai World Central» деген атауға ие болды және әлемдегі ең үлкен әуежайға айналады. 27 қазаннан бастап әуежай Сауд Арабиясының тасымалдаушысы «Nasair» мен венгерлік «Wizzair» әуе компаниясының азаматтық рейстерін қабылдайды.

Даму жобасына сәйкес, «Dubai World Central» Дубайдың оңтүстік бөлігіндегі өзімен аттас ірі коммерциялық және логистикалық кешенмен үйлесім табуы тиіс. Сонымен қатар, жаңа көлік торабы әмірлік мегаполисінің негізгі әуежайы «Аль Мактумның» жұмысын жеңілдететін болады. DWC-тың артықшылығы оның Дубайдың қозғалысы көп орталығынан шалғайда және елдің астанасы Әбу-Дабиге бағытына шығуға қолайлы жерде орналасқандығында.

Dubai World Central жолаушылар терминалының құрылысы өткен жылы аяқталды және жылына 7 миллион жолаушыны қабылдай алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен БАӘ арасында Абу-Даби және Шарджи әуежайлары арқылы аптасына 30-дан астам рейс жасалады. Екі елдің авиация билік өкілдері Қазақстаннан Дубайға Flydubai бюджеттік әмірлік тасымалдаушысы арқылы рейстер жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр, алайда оның нақты қашан жүзеге асырылатыны белгісіз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!