Ауғанстанда соңғы тәулік ішінде 55 тәліб өлтірілді

Фотография - Ауғанстанда соңғы тәулік ішінде 55 тәліб өлтірілді

Ауғанстанда соңғы тәулік ішінде 55 тәліб өлтірілді. Сонымен қатар 37 содыр жарақаттанып, 18-і тұтқынға алынды

268 0

Ауғанстанда соңғы тәулік ішінде 55 тәліб өлтірілді. Сонымен қатар 37 содыр жарақаттанып, 18-і тұтқынға алынды. Бұл туралы Утро.ру аталған елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ауғанстанның ұлттық полициясы, армия, ұлттық қауіпсіздік басқармасы коалиция күштерімен бірлесіп, Балх, Бадахшан, Кунар, Нангархар, Забуль, Урузган, Логар, Пактия, Гильменд, Каписа және Герат өлкелерінің аумағында соңғы 24 сағаттың ішінде 55 қарулы тәлібті өлтіріп, 37-сін жарақаттап, тазалау операциясын жүргізді», - делінген хабарламада.

Операция нәтижесінде қару-жарақ пен киім-кешек алдынды. Сонымен қатар 147-ке жуық түрлі жарылғыш құрылғылар залалсыздандырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!