Украина ЕО-мен әріптестік келісімі жобасын бекітті

Фотография - Украина ЕО-мен әріптестік келісімі жобасын бекітті

18 қыркүйекте Украина үкіметі Еуропа Одағымен әріптестік келісімі жобасын бекітті. Үкіметтің баспасөз қызметі құжаттың 18 қыркүйек күні бекітілгенін растады

196 0

18 қыркүйекте Украина үкіметі Еуропа Одағымен әріптестік келісімі жобасын бекітті. Үкіметтің баспасөз қызметі құжаттың 18 қыркүйек күні бекітілгенін растады.

ЕО-ның Украинадағы делегациясының басшысы Ян Томбинский Киевте журналистерге келісім жобасын бекіту Украина үкіметінің "маңызды қадамы" болғанын, енді қарашада болатын Вильнюс саммитінде келісімге қол қойылса, оның Украина және ЕО азаматтарының бірлескен жеңісіне айналатынын айтқан. 

Ал Украина коммунистік партиясының жетекшілері Орталық сайлау комиссиясының партияның Украинаның Кеден Одағына кіруі жөніндегі референдум өткізу ұсынысын қабылдамай тастағанына наразы. Олар комиссия шешіміне қарсы шағым түсірсек - деп хабарлады azattyq.org

Мәскеу Киевтің ЕО-мен әріптес болғанын қаламайды. Сол үшін Украинаға қысым жасап келеді. Кремль бұл елдің Ресей, Қазақстан, Беларусь бірігіп құрған Кеден Одағына кіргенін қалайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!