Иран ядролық қаруға ұмтылмайды

Фотография - Иран ядролық қаруға ұмтылмайды

Иран президенті Хассан Роухани өз үкіметінің ядролық қаруға ие болуға ұмтылмайтынын және бұл даулы мәселеге қатысты батыс мемлекеттерімен келіссөздер жүргізуге толық өкілеті барын мәлімдеді

172 0

Иран президенті Хассан Роухани өз үкіметінің ядролық қаруға ие болуға ұмтылмайтынын және бұл даулы мәселеге қатысты батыс мемлекеттерімен келіссөздер жүргізуге толық өкілеті барын мәлімдеді.

Роухани Иран президенті болып сайлануына байланысты АҚШ президенті Барак Обаманың оған жолдаған хатын «позитивті және сындарлы» деп сипаттаған.

Өткен айдан Иран президенті қызметіне жаңадан кіріскен Хассан Роухани жақын күндері Нью-Йоркке БҰҰ-ның бас ассамблеясына қатысуға бармақшы. Сәрсенбіде Ақ үйдің өкілі Джей Карни президент Обаманың Иран басшысы Роуханимен кездесуі жоспарланбағанын айтты. Осы сапар қарсаңында Иранда бірнеше саяси тұтқынның түрмеден босатылғаны хабарланды.

Бұған дейін Telemundo телеарнасына берген сұхбатында президент Обама «Иранның жаңа президенті Роуханидің Батыс және АҚШ-пен диалог құруға бұған дейін байқалмаған дәрежеде ниет танытып отырғаны» туралы айтқан еді. Ол Тегеран дипломатиялық мүмкіндікті пайдаланар деген үміт білдірген.

Хассан Роухани бұған дейін ел азаматтарына Иранның әлемге ашық болатыны және Батыспен байланысты нығайтатыны туралы уәде берген болатын - деп хабарлады azattyq.org

АҚШ пен оның одақтастары Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта дамытып жатқанын мәлімдеп келеді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!