Франция балалар арасында сұлулық байқауын ұйымдастыруға тыйым салмақ

Фотография - Франция балалар арасында сұлулық байқауын ұйымдастыруға тыйым салмақ

Франция сенаты 16 жасқа толмағандар арасында сұлулық байқауын өткізуге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

298 0

Франция сенаты 16 жасқа толмағандар арасында сұлулық байқауын өткізуге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Аталмыш заңды бұзғандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 30 мың еуро айыппұл төлейді.

Ел сенатының мұндай қадамға баруына балаларды төсек қатынасына тарту оқиғаларының тым жиілеп кеткені себеп болған. Қабылданған құжатта, сонымен қатар, балаларды үлкендерше әлем-жәлем киіндіріп, әшекей тағуға, бетіне опа-далап жағуға тыйым салынған.

Алайда, балалар байқауын ұйымдастырып жүргендердің айтуынша, мұндай тыйым тым қатаң шара болып табылады. Аталмыш заң күшіне енетін болса, бағын сынап көргісі келетін балаларды мұндай қатаң шаралар да тоқтата алмайды. Байқауға қатысқысы келетін жеткіншектер шетел асып, бәрібір өз дегендеріне жетеді.

Бұл құжат күшіне енуі үшін оны төменгі палата мақұлдауы керек.


Тегтер:

Франция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!