Ауғанстанда аудан басшысы талибтерге қосылған

Фотография - Ауғанстанда аудан басшысы талибтерге қосылған

Ауғанстандағы бір ауданның басшысы, ел парламентінің бұрынғы мүшесі Кази Абдул Хай «Талибан» қозғалысының қатарына қосылғаны туралы хабар тарады.

137 0

Ауғанстандағы бір ауданның басшысы, ел парламентінің бұрынғы мүшесі Кази Абдул Хай «Талибан» қозғалысының қатарына қосылғаны туралы хабар тарады.

Сари-Пуль провинциясының губернаторы Абдул Джаббар Хакбинның айтуынша, Кохистанат ауданын басқарған Хай осы аптада жоғалып кеткен. Осы кезге дейін талибтер жағына ондай жоғары лауазымды тұлға өткен емес.

Талибтер интернетте жариялаған бейнетаспада Хай Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың үкіметі мен оның одақтастарынан көңілі қалғандықтан «Талибан» қозғалысына қосылғанын мәлімдеген.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!