Асад: «Химиялық қаруды қолданбағанымызды бүкіл әлем біледі»

Фотография - Асад: «Химиялық қаруды қолданбағанымызды бүкіл әлем біледі»

 Сирия үкіметі елдегі химиялық қаруды лаңкестердің қолданғаны туралы мәліметтерді Ресейлік әріптестеріне берді. Мұны Сирия президенті Башар Асад «Фокс» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

141 0

 Сирия үкіметі елдегі химиялық қаруды лаңкестердің қолданғаны туралы мәліметтерді Ресейлік әріптестеріне берді. Мұны Сирия президенті Башар Асад «Фокс» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

«Сирияда химиялық қарудың қолданылғаны туралы оқиғаны тексеру үшін елге инспекторлар келді. Өйткені, олардың жұмысы әлі аяқталған жоқ. Біз мамандарды наурыз айында шақырған болатынбыз. Алайда, ол уақытта мамандардың елге кіруге АҚШ кедергі жасады. Біздің химиялық қаруды қолданбағанымызды бүкіл әлем біледі. Оны қолдансақ өз әскерлеріміз бен сан мыңдаған бейбіт тұрғындарыдң өміріне қауіп төнер еді», - дейді Б.Асад.

Біз шетелдік мамандарды тек химиялық қарудың қолданылуы туралы деректі ғана емес, сонымен бірге, оны кім және не үшін қолданғанын да анықтау үшін шақырдық, дейді Сирия басшысы.

Оның айтуынша АҚШ қасақана Сириядағы ахуалды тексеруді мерзімінен бұрын тоқтатқан. Егер тексеру жалғаса берсе, химиялық қаруды лаңкестердің қолданғаны мәлім болар еді. Ал бұл АҚШ үкіметіне қажет емес.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!