Йеменде екі шабуылдан ондаған адам өлген

Фотография - Йеменде екі шабуылдан ондаған адам өлген

Жұма күні Йеменнің оңтүстігінде әскерилерге жасалған екі шабуылдан 30-ға жуық адам мерт болған.

115 0

Жұма күні Йеменнің оңтүстігінде әскерилерге жасалған екі шабуылдан 30-ға жуық адам мерт болған.

Reuters агенттігіне қауіпсіздік қызметі өкілінің хабарлауынша, Шабва провинциясында орналасқан әскери базада екі автокөлік жарылып, 20-ға тарта адам қаза тапқан. Майфаа қаласында әскери патрульге қарсы шабуыл кезінде оншақты әскери қызметкер құрбан болған.

Билік орындары бұл шабуылдарды «Әл-Каида» террорлық ұйымымен байланысы бар топтар жасаған деп санайды. АҚШ қолдауына сүйенетін Йемен билігіне кейінгі жылдары исламшылдар қысымы күшейіп келеді. Йеменде «Әл-Қаиданың» араб түбегіндегі бөлімі орналасқан.

Бұған дейін АҚШ үкіметі пилотсыз басқарылатын ұшақтары жыл басынан бері Йемендегі қарулы топтарға әуеден бірнеше рет соққы бергенін растаған еді.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!