Еуроодақ миссиясына шабуыл жасалды

Фотография - Еуроодақ миссиясына шабуыл жасалды

 БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Косоводағы Еуроодақтың көлігіне жасалған шабуылды айыптады.

222 0

 БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Косоводағы Еуроодақтың көлігіне жасалған шабуылды айыптады.

Бейсенбі күні белгісіз біреулер EULEX (Құқық қорғау органдарының өкілдерінен құралған Еуроодақтың Косоводағы арнайы миссиясы) көлігін оқтың астына алған болатын. Салдарынан бір адам қаза болды. Бұл соңғы бес жылдағы миссионерлерге жасалған бірінші шабуыл.

Пан Ги Мун ресми өкілі арқылы берілген мәлімдемесінде оқиғаны дереу тергеп, қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту керектігін айтты. Косоводағы уақытша әкімшілік жұмыстарымен айналысатын БҰҰ-ның миссионерлері қылмыстын ашылуына жан-жақты көмек көрсететінін білдірді . Сонымен қатар, Бас хатшы осы аймақтағы барлық халықаралық миссиялардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Косово - Сербия құрамындағы автономды аймақ болып табылады. 1999 жылы соғыс аяқталғаннан кейін БҰҰ-ның протекторат қарамағына берілген. 2008 жылы Косово біржақты ретпен тәуелсіздігін жария етті. Оны АҚШ және басқа да батыс елдері мойындаса да, Сербия бұл территорияны қадағалауға құқы бар екенін жариялауда.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!