Иракта полицияға шабуылдан он адам өлген

Фотография - Иракта полицияға шабуылдан он адам өлген

Ирак астанасы Бағдаттан солтүстікке қарай 180 шақырымдай жерде орналасқан Баиджи қаласында сенбі күні төрт адам полиция учаскесіне шабуыл жасаған.

201 0

Ирак астанасы Бағдаттан солтүстікке қарай 180 шақырымдай жерде орналасқан Баиджи қаласында сенбі күні төрт адам полиция учаскесіне шабуыл жасаған.

Шабуылшылардың бірі атыс барысында оққа ұшып, биліктің арнайы жасақ құрамынан алты адам мерт болған. Полиция учаскесіне бекініп алған қарулы бүлікшілер сол жерге қосымша әскер күші келіп жеткенде өз өзін жарып жіберген.

Бұл шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз қалып отыр.

Соңғы кезде Иракта діни алауыздықтан туындаған қақтығыстар жиілеп кетті. БҰҰ-ның деректері бойынша, тамыз айында елде 800 адам мерт болған.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!