Бо Силайға өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылды

Фотография - Бо Силайға өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылды

Қытай Компартиясының (ҚКП) Чунцин қаласындағы бұрынғы хатшысы Бо Силайға өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылды

244 0

Қытай Компартиясының (ҚКП) Чунцин қаласындағы бұрынғы хатшысы Бо Силайға өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылды.

Reuters агенттігінің хабарына қарағанда,сот оны сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа жәнк қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануға айыпты деп таныды,

Бо Силайға 4,3 млн. долларға тарта қаржыны жымқырған деген айып тағылды. Оған қарсы сот үдерісі 22 тамызда басталды.

Бұрын Б.Силай болашағы зор саясаткерлердің бірі деп саналды және ҚХР төрағасы лауазымына Ху Цзиньтаодан кейінгі ықтимал адамдардың бірі деп қаралды. Оның мансабы 2012 жылғы сәуірде зайыбы Гу Кайлай британдық кәсіпкер Нил Хейвудты өлтіруге күдіктелгеннен кейін құрдымға кетті.

Сот бұдан бұрын оның әйелін өлім жазасына кесіп, үкімнің орындалуын екі жылға кейінгі қалдырған болатын. 2012 жвылғы қыркүйекте Б.Силай ҚКП қатарынан шығарылды, ал қазан айында оған қарсы қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Б.Силай ісі бойынша сот үдерісі барысында оған қарсы әйелі куәлік бергенін атап өткен жөн. Саясаткердің өзі айыбын мойындамайды. .


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!