Ирактағы бірнеше лаңкестік актілер 100-ге тарта адамның өмірін қиды

Фотография - Ирактағы бірнеше лаңкестік актілер 100-ге тарта адамның өмірін қиды

 Иракта болған бірнеше жарылыстан және содырлар шабуылынан 96 адам қазаға ұшырады

202 0

 Иракта болған бірнеше жарылыстан және содырлар шабуылынан 96 адам қазаға ұшырады.

Жанкештілердің адамдар жерлеу барысындағы екі жарылысы салдарынан кемінде 72 адам ажал құшқан және 120-дан астамы жараланған, деп мәлім етті РБК.

Бұл соңғы айлардағы бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған ірі лаңкестік акті. Жарылыстар Бағдадтың солтүстік-шығысындағы Мадинат эс-Садр шиіт орамында жерлеу рәсімі кезінде бұрқ ете түсті.

Бұдан кейін екі сағаттан соң көршілес Ур ауданында базар алаңындағы автомобиль жарылып, тоғыз адам мерт болды, 14-і жараланды.

Бұдан басқа, содырлар Бағдадтан солтүстікке қарай 250 шақырым жердегі мұнай өңдеу орталығында, Байджи қаласында полицияның шатб-пәтеріне шабуыл жасады. Күзетшілер жанкештілердің біреуін өлтьірді, бірақ та қалған үшеуі жарылғыш құрылғыны іске қосып үлгірді, соның салдарынан жеті полицей мерт болды, 21 адам жараланды.

Басқа елді мекендерде де жасалған бірнеше шабуылдан адамдар құрбан болған - деп хабарлады ҚазАқпарат

Ирактағы зомбылық 2008 жылдан бері өршіп барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, 2013 жылғы сәуір айы басталғанннан бері елде 4 мың адам өлтірілген, соның 804-і - тамыз айында мерт болды.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!