Қытайда «Усаги» дауылынан кем дегенде 21 адам қаза тапты

Фотография - Қытайда «Усаги» дауылынан кем дегенде 21 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігінде Усаги дауылы тұрды. Бұл әдетте осы маусымда болатын ең күшті тынықмұхит дауылы болып саналады

112 0

Қытайдың оңтүстігінде Усаги дауылы тұрды. Бұл әдетте осы маусымда болатын ең күшті тынықмұхит дауылы болып саналады. Филиппиннен өткеннен кейін дауылдың жылдамдығы төмендеген, қазір 43 мс құрайды. Филиппинде дауылдан екі адам қаза болған.

Чжунсиньшэ агенттігінің ақпаратына қарағанда, Қытайдың оңтүстігінде болған «Усаги» дауылынан кем дегенде 21 адам қаза тапты. Гуандун провинциясының Шаньтоу қаласында екі адамды құлаған ағаш басып қалған, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Гонконгта жарнама бағанының құлауынан зардап шеккен әйел ауруханаға түсті. Ал Тайванда алапат дауылдан электр сымдары үзілген. Ағаштар қирап, электр желілері үзілуде, тіпті күшті жел автокөліктерді де ұшырып әкеткен.

Гуанчжоу, Шэньчжэнь және Чжухай сияқты ірі қалаларда пойыз қатынасы тоқтады, Тайшань қаласында 5 мыңға жуық турист қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар Гонконгтағы Чек Лап Кок халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мұнда 400-ден аса рейстің кестесі өзгерді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!