АҚШ-тың ең қауіпті қаласы анықталды

Фотография - АҚШ-тың ең қауіпті қаласы анықталды

Федералды тергеу бюросы АҚШ-тың ең қауіпті қаласын анықтады

193 0

Федералды тергеу бюросы АҚШ-тың ең қауіпті қаласын анықтады. Бұл туралы kp.ru сайтынан хабарлады.

Зерттеу барысында анықталғандай, бұл қала - 3 миллионға жуық тұрғыны бар Чикаго.

Федералды тергеу бюросының мәліметтеріне қарағанда, дәл осы Чикагода ең көп қылмыс жасалған көрінеді. Қаладағы адам өлімі күннен-күнге жоғарылауда. 2011 жылы бұл қалада 431 адам өлімі тіркелсе, 2012 жылы аталған қылмыс cаны 515-ке жетіп отыр.

ФТБ статистикасына сүйенсек, әр демалыс сайын қалада 6-8 адам өлімі болатын көрінеді. Чикагодан кейінгі қауіпті қалалардың қатарында Нью-Йорк, Детройт, содан соң Филадельфия мен Лос-Анджелес тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!