Араб елдерінің әрбір бесінші тұрғыны жоқшылық қамытын киген

Фотография - Араб елдерінің әрбір бесінші тұрғыны жоқшылық қамытын киген

Араб елдерінің әрбір бесінші тұрғынының тұрмысы жүдеу

202 0

Араб елдерінің әрбір бесінші тұрғынының тұрмысы жүдеу. Тіпті, олардың кейбіріне талғажау етерлік тамақ табудың өзі мұң. Сондай-ақ, араб елдері тұрғындардың 15 пайызы екі қолға бір күрек таппай, сенделіп жүр. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының араб елдерінде өткізген «Мың жылдық  дамудың мақсат-мұраты» атты  зерттеу-бағдарламасында айтылған.

Аталмыш елдерде биыл жұмыссыздық деңгейі 14,8 пайызды құрайды. Бұл дерек 1990-шы жылдармен салыстырғанда өте жоғарғы көрсеткіш екенін айта кету керек. Болжам бойынша, алдағы уақытта аймақ тұрғындарының жиырма пайызы аштықтың азабын тартады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 15 пайыздың төңірегінде болатын. Сондай-ақ, араб елдерінде әйелдер мен жастарды еңбекке тарту мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр.

Қордаланып қалған саяси әрі экономикалық мәселелерге байланысты аймақта әлеуметтік қақтығыстар мен жанжалдар жиі орын алғанымен, жағымды өзгеріс те жоқ емес. Араб елдері дамудың даңғыл жолына түсіп кете қоймаса да, әлемдегі өзге аймақтарға қарағанда біршама ілгерілеп, қарқын алып келеді.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!