Пәкістанда жарылыс құрбандары саны 81-ге жетті

Фотография - Пәкістанда жарылыс құрбандары саны 81-ге жетті

Пәкістан билігі Пешавар қаласы маңындағы христиан шіркеуінде болған жарылыстан қаза тапқан адамдар саны 81-ге жеткенін хабарлады. Федералдық ішкі істер министрі Чаудри Нисар Әли Хан 100-ге тарта адамның жараланғанын, оның 10-ы ауыр халде жатқанын айтады

217 0

Пәкістан билігі Пешавар қаласы маңындағы христиан шіркеуінде болған жарылыстан қаза тапқан адамдар саны 81-ге жеткенін хабарлады. Федералдық ішкі істер министрі Чаудри Нисар Әли Хан 100-ге тарта адамның жараланғанын, оның 10-ы ауыр халде жатқанын айтады.

22 қыркүйекте қала маңындағы Әулие Иоанн шіркеуінде екі жанкешті өз-өздерін жарып жіберген мезетте шіркеуде 600-ге тарта адам болған.

Христиандар Пәкістан халқының 4 пайызын құрайды. Исламшыл экстремистер ара-тұра оларға шабуыл жасап тұрады. Жексенбідегі жарылыс - пәкістандық христиандарға осы кезге дейін жасалған ең үлкен шабуыл болды. 2009 жылы Годжра қаласында христиандардың үйлері мен шіркеуі өртелген еді - деп хабарлады  azattyq.org

Пешавар - Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Пәкістанды азшылық өкілдеріне ең қауіпті елдердің қатарына қосады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!