Кения әскері сауда орталығын бақылауына алды

Фотография - Кения әскері сауда орталығын бақылауына алды

Кения ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Найробидегі содырлар басып алған сауда орталығы арнайы қызмет сарбаздарының бақылауына алынды.

278 0

Кения ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Найробидегі содырлар басып алған сауда орталығы арнайы қызмет сарбаздарының бақылауына алынды.

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар сомалилік "Әл-Шабааб" тобы 21 қыркүйекте Найробидегі Westgate сауда орталығына басып кіріп, ондаған адамды кепілге алған еді. Үш күн бойы жүргізілген арнайы операция барысында 62 адамның қаза тапқаны хабарланды.

АҚШ президенті Барак Обама мәлімдемесінде "сауда орталығында болған жантүршігерлік зұлымдықпен" күрестегі іс-әрекетті қолдайтынын білдірді.

Канада, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Нидерланды және АҚШ үкіметтері қаза тапқандар арасында өз азаматтары барын хабарлады.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!