Бразилиялық бизнесмен Бентлиін жерлемек

Фотография - Бразилиялық бизнесмен Бентлиін жерлемек

Бұл дүниедегі байлық осы жақта қалады деген сөзге сенбейтін бразилиялық бизнесмен Мысыр перғауындарынан үлгі алып отырған көрінеді.

294 0

Бұл дүниедегі байлық осы жақта қалады деген сөзге сенбейтін бразилиялық бизнесмен Мысыр перғауындарынан үлгі алып отырған көрінеді.

Мысыр перғауындарынан үлгі алған граф Чикуинхо Скарпа арғы өмірде жүріп-тұруы үшін өзінің Бентли Континентал көлігін жерлемекші.

Алпысты алқымдап қалған граф Скарпа Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұрады. Жақында өзінің Фейсбук парақшасында бір қолына какаду ұстаған, ал екінші бір қолына сән-салтанатты лимузинге сүйкеніп тұрған суреті шығыпты. Сонда ол өзінің Бентлиін салтанатты көп қабырғалы үйінің артында жарты миллион долларга жерлегісі келетінін жеткізген. Мұндай дарақылыққа сенбегендерге өз сөзінің шынайылығын жеткізу үшін, келесі күні граф Скарпаның үй артындағы үлкен шұңқырдың қасында күрек ұстап тұрған сурет шығады. Астындағы хабарламада граф қабірдің бір аптаның ішінде дайын болып қалатынын келтіре кеткен.

Фейсбуктегі сурет көпшілікті тартып, ақырында бұл ақпар БАҚ өкілдеріне жетеді. Аяғында граф “Agora É Tarde” бағдарламасына шақырылып, сонда ол өзінің осы бір тосын әрі ерекше идеясымен бөлісіпті.

Сөйтсе, өзімен бірге ең қымбатты алып кету ойы Мысыр перғауындары туралы көрген бағдарламадан соң келген екен. Барлығына бірдей бұл ойдың ұнамағаны анық, кейбірі, тіпті, ашық түрде графтың ақымақтығын бетіне басып, одан гөрі жетім-жесірге көместеспей ме деп сауал тастаған.

Дегенмен, графтың баласы жоқ екенін ескере отырып, бар байлығын көмуден басқа амалы қалмаған деген бір ой келеді...


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!