Мүгедектер мәселесі БҰҰ-да қаралды

Фотография - Мүгедектер мәселесі БҰҰ-да қаралды

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мүгедектердің мәселесі қаралды

134 0

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мүгедектердің мәселесі қаралды. Джон Эш төрағалық өткен жиын жаһандық даму бағдарламасы аясында өтті деп жазады Синьхуа агенттігі.

Ассамблеяда сөз алған Пан Ги Мун мүгедектердің қоғамда тап болатын қиыншылықтары мен кемсітулерді жоюға шақырды. Сонымен қоса, Бас хатшы, «Мыңжылдықтың даму мақсаттарын» іске асыруыдағы мүгедектердің орны ерекше екенін айқындап берген болатын. Баяндамадан әлемде бір миллиардтан астам мүгедектер тұратыны белгілі болды.

Жиын соныңда мәселені шешуге арналған қорытынды құжаттар қабылданды. Талқылауға мемлекет және үкімет басшылары, бірнеше халықаралық қауымдастықтар және 800-ден астам мүгедектер ұйымдарының өкілдері қатысқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!