Ресейде ажырасқандарға айыппұл салынатын болды

Фотография - Ресейде ажырасқандарға айыппұл салынатын болды

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев неке бұзғысы келетіндерге салынатын мемлекеттік салықты арттыру жөніндегі Федерация кеңесі мүшелерінің ұсынысына ден қойды.

201 0

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев неке бұзғысы келетіндерге салынатын мемлекеттік салықты арттыру жөніндегі Федерация кеңесі мүшелерінің ұсынысына ден қойды.

Үкімет басшысы сенаторлармен кездесуінде бұл ұсынысты қолдайтындығын білдіргенімен, алайда салық мөлшерінің 30 мың рубль болуына қарсы екендігін ескертті. Сондықтан да бұл мәселені арнайы сарапшылар сүзгісінен өткізіп, қоғам талқысына салуды ұсынды.

«Бұл мәселенің барлық артықшылығы мен кемшілігін салмақтап, сараптау қажет»,– деді ол.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында ажырасқандарға салынатын салық құны 400 рублді құрайды. Аталған салық мөлшерін арттыру ерлі-зайыптылардың неке мәселесіне немқұрайдылық танытпай, отбасы амандығын сақтап қалуға аз да болса өз септігін тигізеді деп сенуде.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!