Ірі көлемде алтын құймалары ұрланды

Фотография - Ірі көлемде алтын құймалары ұрланды

Франциялық әуе ұшағынан құны 1,6 миллион еуро болатын 44 килограмм құйма алтын ұрланды

111 0

 Франциялық әуе ұшағынан құны 1,6 миллион еуро болатын 44 килограмм құйма алтын ұрланды.

Парижден Цюрихке бет алған ұшак «Air France» компаниясына тисілі екен. Бортқа бағалы металдың 300 келісі тиелген. Алайда алтынның қолды болғаны Швейцарияға жеткенде ғана белгілі болған.

«Le Monde» газетінің хабарлауынша, полиция «Шарль де Голль» әуежайының қызметкерлерінен күдіктеніп отыр. Белгілі болғандай, париждік әуе компания әрдайым ірі көлемдегі алтындарды тасымалдайтын көрінеді. Сондықтан ұрлық алдын ала жоспарлаған деген болжам бар.

Бағалы құймалардың кімге тиесілі екені туралы мәлімет жоқ, деп жазады «TF1» агенттігі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!