Обама: "Әлем Сирияныхимиялық қарудан арылтуға күш салсын"

Фотография - Обама: "Әлем Сирияныхимиялық қарудан арылтуға күш салсын"

АҚШ президенті Барак Обама 24 қыркүйек күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеп тұрып халықаралық қауымдастықты Сириядағы химиялық қаруға бірлесе тыйым салуға шақырды

150 0

АҚШ президенті Барак Обама 24 қыркүйек күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеп тұрып халықаралық қауымдастықты Сириядағы химиялық қаруға бірлесе тыйым салуға шақырды. Ол Сирия президенті Башар Асад режимінің 21 тамыз күнгі Дамаск түбінде болған шабуыл кезінде химиялық қару қолданғанына "дәлел жетіп артылатынын" айтты.

Обама БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін АҚШ-Ресей келісімі бойынша Сирияны химиялық қарудан арылуға міндеттейтін қатаң резолюция қабылдауға шақырды - деп хабарлады azattyq.org

АҚШ президенті Ақ үйдің Иранға қатысты ұстанымын да атап өтіп, Ираннан "ашық", "нақты" іс-әрекет күтетінін мәлімдеді. Ол Иранмен ядролық келіссөз жүргізу кезінде дипломатиялық жолдың сыналатынын айтты.

24 қыркүйек күні Нью-Йоркте ашылған БҰҰ-ның 68-Бас ассамблеясында бірінші болып баяндама жасаған бас хатшы Пан Ги Мун да Сириядағы химиялық қаруларды жоюға шақырған.


Тегтер:

Обама

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!