АҚШ қару саудасын реттеу келісіміне қосылмақ

Фотография - АҚШ қару саудасын реттеу келісіміне қосылмақ

АҚШ билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ел осы аптада Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ бас ассамблеясының жыл сайынғы жиынында дүниежүзілік қару-жарақ саудасын реттеу туралы келісімге қол қоймақ

283 0

АҚШ билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ел осы аптада Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ бас ассамблеясының жыл сайынғы жиынында дүниежүзілік қару-жарақ саудасын реттеу туралы келісімге қол қоймақ. Құпия дереккөздері мемлекеттік хатшы Джон Керридің келісімге сәрсенбі, 25 қыркүйекте қол қоятынын айтады. 

Дүние жүзінде қару-жарақ саудасының жыл сайынғы айналымы 70 миллиард АҚШ долларына жуықтайды. Келісімге қол қою президент Барак Обама мен АҚШ-тағы қару-жарақ лоббишілері арасында келіспеушіліктер туғызуы мүмкін.


АҚШ - әлемдегі қару-жарақ экспорттайтын ең ірі ел. Биыл сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған келісімге 86 мемлекет қол қойған. Келісімге қосылмаған мемлекеттердің арасында АҚШ-тан өзге қару-жарақ экспорттайтын елдер, оның ішінде Ресей мен Қытай да бар - деп хабарлады  azattyq.org

АҚШ келісімге қосылуы үшін оны сенат ратификациялауы қажет.


Тегтер:

Обама

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!