Иран президенті Холокосттың бар екенін мойындады

Фотография - Иран президенті Холокосттың бар екенін мойындады

Иран президенті Хасан Роухани Холокосттың бар екенін мойындады және мұны ұлтшылдардың еврей халқына жасаған қастандығы екендігін айтты

421 0


Иран президенті Хасан Роухани Холокосттың бар екенін мойындады және мұны ұлтшылдардың еврей халқына жасаған қастандығы екендігін айтты.

«Жалпы, адамзат баласына жасалған кез келген қылмысты, сонымен қатар ұлтшылдардың еврей халқына жасаған қастандығын айыптауға тұрады», - деді Х.Роухани.

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад Холокосттың бар екенін мойындамаған еді. Күні кешеге дейін сөйлеген сөздерінде 1930-40 жылдары этникалық еврейлерді жою саясатын ұстанғандығын мойындаудан бас тартып келді.

Мұның алдында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз делегациясына БҰҰ-дың Бас Ассамблеясында Роуханидің сөйлеген сөздеріне бойкот жариялауға нұсқау берген болатын. Оның кеңсесіндегі мамандардың хабарлауынша, Иран үкіметі еврей халқын қырудан бас тартқанда ғана, Холокосттың бар екенін және Израильдің құқығын мойындағанда ғана Израиль делегациясының Иран лидерлерінің жиындарына қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!