Өзбекстанда құқық қорғаушы 4 жылға сотталды

Фотография - Өзбекстанда құқық қорғаушы 4 жылға сотталды

Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенді Бобомурод Раззоқов төрт жылға сотталды. "Ізгілік" адам құқықтарын қорғау тобының Бұхара облыстық филиалының жетекшісі, 60 жастағы Раззоқовқа адам саудасына қатысты айып тағылған. Құқық қорғаушы шілде айында ұсталып, тамыз айында сотқа тартылған

345 0

Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенді Бобомурод Раззоқов төрт жылға сотталды. "Ізгілік" адам құқықтарын қорғау тобының Бұхара облыстық филиалының жетекшісі, 60 жастағы Раззоқовқа адам саудасына қатысты айып тағылған. Құқық қорғаушы шілде айында ұсталып, тамыз айында сотқа тартылған.

Human Rights Watch ұйымы қыркүйектің басында мәлімдеме жасап, "Өзбекстан билігі Раззоқовты құқық қорғау қызметімен айналысқаны үшін қудалап отыр" деген.

Бобомурод Раззоқов Бұқара облысындағы мақта жинау жұмыстарына балалар еңбегін пайдалануға наразылық танытып жүрген еді - деп хабарлады  azattyq.org

"Ізгілік" - Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаумен айналысатын тіркелген жалғыз қоғамдық ұйым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!