Қытайда екі жасар қыз баланы өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді

Фотография - Қытайда екі жасар қыз баланы өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді

Қайғылы оқиға шілдеде Бейжің қаласында болған. Қылмыскер көлік тұрағында орын беруден бас тартқан әйелдің кішкентай қызын бесік арбадан жұлып алып, жерге соққан

160 0

Қытай соты 2 жастағы қыз баланы өлтірген 39 жастағы Хан Лэйді өлім жазасына кесті.

Қайғылы оқиға шілдеде Бейжің қаласында болған. Қылмыскер көлік тұрағында орын беруден бас тартқан әйелдің кішкентай қызын бесік арбадан жұлып алып, жерге соққан. Ол әйелді де ұрған, кейін көлік тұрағынан қашып кеткен. Қыз бала алған жарақаттан 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Сотта Хан Лэй абайсызда өлтіріп алғанын, мас болғанын, бесік арбаны дүкендегі арбамен шатастырып, ішінде бала емес, азық-түлік деп ойлағанын айтып, ақталған. Кейін қанішер өлім жазасын тағайындауды өзі талап еткен. Ол бір жыл бұрын көлікті заңсыз қуып кеткені үшін жазасын өтеп, түрмеден шыққан. Қылмыскердің оқиға орнынан бой тасалауына көмектескен екінші ер адам 5 жылға сотталды.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!