Қырғыз премьері Кеден Одағы қорын құруды ұсынды

Фотография - Қырғыз премьері Кеден Одағы қорын құруды ұсынды

Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев Кеден Одағына қосылғысы келетін елдерге қолдау көрсететін қор құруды ұсынды

177 0

Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев Кеден Одағына қосылғысы келетін елдерге қолдау көрсететін қор құруды ұсынды. Астанада өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында сөйлеген Сатыбалдиев Қырғызстанның Кеден Одағына кіруге дайын екенін тағы айтты.

Кездесуге осы одаққа мүше Ресей, Қазақстан және Беларусьтің премьер-министрлері мен Украина және Қырғызстанның премьерлері қатысты. Қазақстан премьері Серік Ахметовтің айтуынша, Украина мен Қырғызстан өкілдерінің жиынға қатысуы "бұл елдердің интеграциялық процестерге араласуға ниетті екендерін көрсетеді".

Украина қарашада Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда айналымы туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Ал бұрынғы постсоветтік елдерді Кеден Одағына кіргізуге тырысатын Кремль 2015 жылы Кеден Одағы ЕО үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағына айналады дейді.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!