АҚШ қару саудасын реттеу келісіміне қол қойды

Фотография - АҚШ қару саудасын реттеу келісіміне қол қойды

АҚШ БҰҰ-ның халықаралық қару-жарақ саудасын реттеу туралы келісіміне қосылды

181 0

АҚШ БҰҰ-ның халықаралық қару-жарақ саудасын реттеу туралы келісіміне қосылды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри келісімге 25 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде қол қойды. Келісімге қол қойғаннан кейін ол:

- Келісім қару-жарақтың террористер мен өзге де теріс ниетті адамдардың қолына түсуінен сақтайды. Бұл әлемде ең ауыр қылмыстар жасауға жол ашатын халықаралық қару-жарақ тасымалын азайтуға мүмкіндік береді. Келісім халықаралық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға әсер етеді, - деді.

Керри "келісімнің ешкімнің еркіндігін шектемейтінін, керісінше ол мемлекет пен жекелеген адамдардың қару-жарақты заңды түрде иеленіп, қолдануына құқық беретінін" айтады.

Дүние жүзінде қару-жарақ саудасының жыл сайынғы айналымы 70 миллиард АҚШ долларына жуықтайды. АҚШ-тың бұл келісімге қосылуы қару саудасын реттеуге септігін тигізуі мүмкін. 

Amnesty International ұйымының бас хатшысы Салил Шетти АҚШ-тың бұл келісімге қосылуын "зорлық-зомбылықты көбейтетін қару-жарақ тасымалына шектеу қоюға жасалған қадам" деп атады.

Джон Керри қол қойған келісімді енді АҚШ конгресі ратификациялауы тиіс. 

Биыл сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған келісімге 89 мемлекет қойды. Келісім күшіне енуі үшін оны 50 мемлекет ратификациялауы тиіс. Қазірге дейін тек бес мемлекет қана халықаралық келісімді бекіткен.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!