Тәжікістанда өгей қыздарымен некелескен молда сотталды

Фотография - Тәжікістанда өгей қыздарымен некелескен молда сотталды

Тәжікстанның Восейск ауданының соты дін өкілін 23 жылға соттады. Молдаға кәмелет жасына толмаған өгей қыздарымен көңіл жарастырды деген айып тағылып отыр.

153 0

Тәжікстанның Восейск ауданының соты дін өкілін 23 жылға соттады. Молдаға кәмелет жасына толмаған өгей қыздарымен көңіл жарастырды деген айып тағылып отыр.

Имаммен бірге оның әйелі және неке қиған тағы бір мешіт қызметкері де сотталып отыр.

Екі қызы бар жесір әйелге үйленген Сабыр Гиёев (ел арасында молда Сабыр деген атпен танымал) алдымен оның 16 жастағы үлкен қызымен, артынша 14 жастағы кіші қызымен некелескен көрінеді.

Тәртіп сақшылары оны мамыр айында-ақ ұстап, қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып таққан болатын. Күні кеше сот бұл іске нүкте қойып, молданың аса ауыр қылмысқа барғандығын дәлелдеп шығарды. Енді ол алдағы 23 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Ал, қыздардың анасы болса қылмысқа атсалысқаны үшін және оны жасырғандығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылып отыр.

Айта кетейік, Тәжікстан заңы бойынша бойжеткендер некеге тек 18 жасқа толған кезінде тұра алады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!