Ресей: Саакашвили ақыл-есі дұрыстығын тексертсін

Фотография - Ресей: Саакашвили ақыл-есі дұрыстығын тексертсін

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин Грузия президенті Михаил Саакашвили "ақыл-есінің дұрыстығын тексертуі тиіс" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 25 қыркүйекте Саакашвилидің Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында сөйлеген сөзінен кейін айтты.

147 0

Саакашвили БҰҰ мінберінде Ресей саясатын сынаған. Ол сөйлеп жатқан кезде Ресей делегациясы залдан шығып кетті.

Чуркин Саакашвилидің сөзін "антиресейлік қана емес, русофобтық, православиеге қарсы сарында" деп бағалады. Чуркиннің мәлімдемесіне орай Грузия тарапы әзірге түсінік берген жоқ.

2008 жылғы тамыз айында Ресей мен Грузия арасында болған қысқа мерзімдік әскери жанжалдан соң екі елдің қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен еді. Ресей сол жанжалдан соң Грузияның сепаратистік аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз деп танып, бұл аймақтарға әскерін орналастырған.

Грузия бұл аймақтарды өз территориясы санайды.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!