БҰҰ-да Ресей делегациясы Грузия Президентін тыңдаудан бас тартты

Фотография - БҰҰ-да Ресей делегациясы Грузия Президентін тыңдаудан бас тартты

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің баяндамасы барысында ресейлік делегация БҰҰ Бас ассамблеясының залынан шығып кетті

128 0

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің баяндамасы барысында ресейлік делегация БҰҰ Бас ассамблеясының залынан шығып кетті. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Лукашевичтің айтуынша, Грузия басшысының ой-тұжырымымен келіспеген ресейлік делегация осындай қадам жасауға мәжбүр болған екен.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, грузиялық президент өзінің сөзінде көптеген елдерге қарағанда Ресей тарапы көршілес елдердің тұрақтылығына мүдделі емес екенін және Грузиядағы, Украинадағы, сондай-ақ Молдовадағы мықты үкімет идеясын мойындамайтынын айтқан.

Саакашвилидің сөзінше, Мәскеу билікке мықты үкіметтер келген жағдайда мемлекеттер тәуелсіз болып, Еуропаға жақындай бастайтынын түсініп отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сонымен қатар ол Ресей тарапын Абхазия мен Оңтүстік Осетияны басып алды деп айыптады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!