ЕО молдован шараптарына шектеуді алып тастады

Фотография - ЕО молдован шараптарына шектеуді алып тастады

Еуроодақ Молдаваның шараптарына қойылған шектеуді алып тастады. Мұндай шешімді ол, Молдавамен еркін сауда аймағы мен ассоциация құру туралы келісімге қол қоймай тұрып шығарды

132 0


Еуроодақ Молдаваның шараптарына қойылған шектеуді алып тастады. Мұндай шешімді ол, Молдавамен еркін сауда аймағы мен ассоциация құру туралы келісімге қол қоймай тұрып шығарды. Бұл туралы ЕО-тың ауылшаруашылығы бойынша еурокомиссары Дачан Чолош молдавалық Publika-TV телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

   Оның айтуынша, Брюссель Молдаваның шараптарына қойылған барлық шектеулерден бас тартты. Енді жергілікті кәсіпкерлер еуропалық тауар өндірушілерге қойылатын талаптарды сақтау отырып өндіріс көкжиегін арттыруы керек. ЕО-қа мүше елдерде молдаван шараптарының еркін сатылымы жақын арада басталады. Бүгінде оның 180 мың гектолитрін ЕО кеңістігінде сатуға рұқсат берілген. Ал, 2013 жылдың алғашқы үш айында ЕО-ға Молдавадан 5,6 млн. литр өнім жіберіліпті. Сала мамандарының айтуынша, мұндай өзгерістер Ресей Федерациясының молдаван шараптарын мемлекетке әкелуіне тыйым салуымен тығыз байланысты екен - деп хабарлады baq.kz

   Айта кетерлік жайт, Молдава ЕО-пен еркін сауда аймағы мен ассоциация құру туралы келісімге Вильнюсте өтетін самитте қол қоймақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!