Сирия қарары бойынша дауыс беру бүгін кешке өтеді

Фотография - Сирия қарары бойынша дауыс беру бүгін кешке өтеді

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша қарарға дауыс беруі 27 қыркүйек күні кешке өтеді. Аталған құжат қабылданады деп күтілуде

176 0

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша қарарға дауыс беруі 27 қыркүйек күні кешке өтеді. Аталған құжат қабылданады деп күтілуде. Ресей мен АҚШ-тың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Сергей Лавров пен Джон Керри қарардың жобасы жайлы мақұлдасқаны бұған дейін белгілі болған - деп хабарлады ҚазАқпарат

РФ СІМ басшысының сөзіне қарағанда, қарардың жобасы Сирияға қарсы шұғыл әрекеттерді көздемейді. Лавров аталған құжат Дамасктың химиялық қаруды халықаралық бақылауға беру туралы келісімін қолдайтынын атап өтті. Қақтығысқа түскен тараптардың бірі талаптарды бұзса, қарар қарусыздандыру процесінде оппозицияны да көмекке шақырады, онда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қайта шақырылады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!